үй Астанада Қазақстанның 3 облысында жол жабылды ...

Қазақстанның 3 облысында жол жабылды Кеше, 13:01

94
0

20 қаңтардағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанның 3 облысында жол жабылды
                Кеше, 13:01

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

20 қаңтардағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Атап айтқанда, Жамбыл облысында 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) — 79 шақырым. Жетісу облысында 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында 2 учаске: «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы — РФ шекарасы – 100 шақырым. «Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы — Орал қаласы – 51 шақырым», — делінген хабарламада.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz