үй Қазақстан жаңалықтары Үздік артиллериялық есептоп бастығы

Үздік артиллериялық есептоп бастығы

54
0

175 rob

Үздік артиллериялық есептоп бастығы

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Қарулы Күштеріміз – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, сондай-ақ, зор мәртебе. «Әскери қызмет – ел Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі» деген сөз әрбір азаматқа рух сыйлайды. Осындай қанатты сөзді санадан шығармай, қызметін сеніммен атқаратын ұлан сержанты Дастан Алипов мақаламызға арқау болмақ.

Қазақ әскерінде қызмет атқарып, Отан алдындағы борышын орындауда ер жігіттерге аса жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелетіні хақ. Отанның тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлық қызмет. Осындай мәртебелі әскери  қызмет жолын таңдаған бүгінігі кейіпкеріміз Дастан Ерғазыұлы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қаракөл аулында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әскери қызметін 2016 жылы келісімшарт бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Үшарал гарнизонының 40398 әскери бөлімінің 2-ші мотоатқыштар батальонының жүргізуші  лауазымында бастаған. Ол өзіне сеніп тапсырылған әскери техника мен қаруды еркін меңгеріп, қызметінде ерекше көзге түседі. Жас маманнын жұмысқа деген ынтасын байқаған бөлім басшылығы 2019 жылы сол қызмет атқаратын батальонның минометтық батареясына есептоп командирі етіп тағайындайды. Әскердегі еңбек пен білімнің жарқын болашаққа жетелейтінін нақ білетін кейіпкеріміз бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі білікті минометшілер есептобының белді командирі. Ол өзінің қызметінің хас шебері болу үшін әрдайым біліміңді арттырып, бағынысындағы жеке құрамды үнемі дайындықтың жоғарғы деңгейінде  ұстау керек деген пікірді жадынан шығармайды.

Үздік артиллериялық есептоп бастығы

— Әскердегі мамандықты жоғарғы деңгейле игеру әскери қызметкер үшін ол  өте маңызды нәрсе. Себебі білім жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі басты құралың.  Неге десеңізі, әскери маманның тапсырма орындау барысында қателесуге қақысы жоқ. Ұрыс үстінде бір қателік орыны толмас шығынға әкелуі әбден мүмкін.. Сол себепті де бейбітшілік кезінде әскери мамандар шеберлігін үнемі шыңдап отыруы керек, —  дейді ұлан сержанты Дастан Алипов.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сегіз жылдан  астам қызмет етіп келе жатқан есептоп командирі көптеген әскери оқу-жаттығуларына қатысқан. Соның бірі 2022 жылы «Шығыс» жалпыәскери полигонында өткен артиллериялық құрамалардың жиынында ұлан сержанты Алиповтың есеп тобы артиллериялық тапсырмаларды орындауда жақсы нәтиже көрсетіп, Қоғаныс министірлігінен келген комиссия мүшелері тарапынан жоғарғы бағаға ие болады. Осындай жетістіктерінің арқасында оның қажырлы еңбегіде бейжай қалмай, бірнеше рет өңірлік қолбасшының марапатымен де марапатталады.

Қазіргі таңда «Отан – отбасынан басталады, әр шаңырақтың тыныштығы мен жайдарлы ғұмыр кешуінің кепілі әскер» деп есептейтін Дастан Ерғазыұлы – өмірлік жары Мөлдір Қызырқызымен шаңырақ көтеріп, Нұрасыл мен Нұртас есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр. Қызметте де, отбасында да қажыр-қайраты мен жігерін қамшылап отыратын Дастан жігердің жеңіске жетелейтінін бала кезден біліп өскен.  Әскери өмірдің қиыншылығы мен темірдей тәртібіне төзіп, сабырлы мінезімен  өз ортасында беделді, еліне абыройлы қызмет атқара білген Алипов жайлы әріптестері де үнемі жақсы пікір айтады.

Үздік артиллериялық есептоп бастығы

— Біздің әріптесіміз  ұлан сержанты Алипов Дастан өзінің есептоп командирі лауазымында жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Қызметтік міндеттерін атқаруда жауапкершілікпен дұрыс бастамашылық танытып, өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактика-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін өте жетік меңгергендіктен атыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетті. Осындай жігерлі, намысты әріптесіміздің  бізбен бірге қызмет атқаратынын мақтан етеміз, – дейді 2-ші мотоатқыштар батальонының командирі ұлан майоры Берік Шәріп.

Иә, еліміздің әр азаматы Дастан Алипов сияқты Отан алдындағы борышын өтеудің маңызын түсініп,  қызметін жетік меңгеріп, жауапкершілігін сезіне білсе, елім деген ұлдардың әскері айбынды болмақ.

Источник: dknews.kz