Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Midjourney нейрожелісі құрастырған сурет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 миллиард теңге төлеген. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) — 284 миллиард теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 54 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 миллиард теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер — 39,8 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер — 7,5 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер — 2,8 миллиард теңге. «Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы — 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы — 742 692 теңге. Еске салайық, былтырғы сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы — 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды», — делінген хабарламада. 2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары болған. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 триллион теңгеге немесе 21,8 пайызға ұлғайғаны айтылды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 миллионға жеткен. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






