үй Әлем жаңалықтары Жол инфрақұрылымын дамыту: Қазақстан мен ЕАДБ ортақ шешім іздеуде

Жол инфрақұрылымын дамыту: Қазақстан мен ЕАДБ ортақ шешім іздеуде

52
0

219 Awrora

Жол инфрақұрылымын дамыту: Қазақстан мен ЕАДБ ортақ шешім іздеуде

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын стратегиялық дамыту шеңберінде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласындағы Еуразиялық даму банкінің кеңсесіне барды.

Сапардың басты мақсаты — инфрақұрылымдық жобаларды қолдау үшін қаражат тарту мүмкіндігін талқылау болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесуде автомобиль жолдарын қайта құру мен салуға бағытталған инвестициялық жобаларға қаражат тарту шарттары талқыланды. Айта кету қажет, ЕАДБ-ны бүкіл ел бойынша орташа жөндеу жобаларына қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылды.  

Сондай-ақ, кездесуде апатты көпірлерді күрделі жөндеу мәселесі қозғалды. Еуразиялық Даму Банкі мұндай жобаларды олардың құрылымын жетілдіріп, қызмет ету мерзімін ұзарта отырып қаржыландыруға дайын екендігін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мақсатында одан әрі ынтымақтастық жөнінде шешім қабылдады.

Источник: dknews.kz