үй Астанада «13 минут бойы жүреді»: Елордалықтар электр самокат тебуді жиілеткен

«13 минут бойы жүреді»: Елордалықтар электр самокат тебуді жиілеткен

17
0


                        «13 минут бойы жүреді»: Елордалықтар электр самокат тебуді жиілеткен

Фото: Сұлтан Сейіт

Қазақстанда жыл сайын қала тұрғындарына электр самокатты жалға беру қызметі дамып жатыр. Алматы қаласында танымал болған көлік құралын соңғы жылдары елордалықтар да белсенді қолданып келеді. Қысқы демалыстан кейін Whoosh кикшерингтік сервисі өз жұмысын қайта бастады. Жаңа маусымда мобильді қозғалыс құралдарының танымалдылығы біршама артты. Сол себепті компания электр самокаттар паркін 35 пайызға ұлғайтқан, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Оқи отырыңыз: Астанада электросамокат паркі 35 пайызға жаңартылады

Елордадағы электр самокат: Jet әлде Whoosh?

Наурыз мейрамы қарсаңында Whoosh кикшерингтік сервисінің электросамокаттары елорда көшелерінде пайда бола бастады. Қазір виртуалды автотұрақтарда 500-ден астам самокат бар. Компания ауа райының жылынғанын ескеріп, құрылғылардың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Whoosh сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Дмитрий Чуйконың сөзінше, жаңа маусымда Whoosh  2600-ден астам электр самокатын қолданысқа береді.

Көктемде Whoosh жаңартылған электр самокаты паркін ұсынды. Қыс мезгілінде барлық құрылғы техникалық қызмет көрсетуден өтті. Бүгінде белсенді пайдалануға дайын тұр. Сервис флоты — саладағы ең жас флоттардың бірі. Ол кикшеринг үшін арнайы жасалған заманауи тозуға төзімді модельдерден тұрады. Whoosh техникалық тобы тәулік бойы электр самокаттардың дұрыстығын, олардың көшедегі тәртібін және құрылғылардың қуат деңгейін бақылайтын болады, — деді Дмитрий Чуйко.

Электр самокатқа орнатылған IoT-модулі құрылғының жағдайын толығымен бақылауға мүмкіндік береді. Орналасқан жерін, қуат деңгейін, нақты уақыт режимінде жүруді бақылау, жол жамылғысының сапасы туралы ақпарат білу, ұрланған жағдайда блоктау немесе ақау туындаған жағдайда жалға беруді тоқтатады. Жалпы жылдамдығы 25 км/сағ., адамдар көп жүретін аймақтарға келгенде жылдамдық автоматты түрде 15 км/сағатқа дейін төмендейді. Самокат қозғалысына шектеу қойылған жерде құрылғы арнайы дыбыстық сигнал шығарып, тоқтайды.

Компания бас директорының айтуынша, былтыр елордалықтар қысқа қашықтыққа ыңғайлы сапарлар үшін квикшерингті таңдай бастағанын көрсеткен. Қалада сапардың орташа ұзақтығы — 13 минут. Ал бір маусымда 600 мыңға жуық сапар жасалған.

Биыл біз Қазақстанда скутерлерді басқару мәдениетін дамытуды жалғастырамыз. Пайдаланушылардың қауіпсіздігі және құрылғыларды дұрыс пайдалану біздің басты жұмысымыз болмақ. Былтыр күзде Whoosh Астана тұрғындары үшін тегін офлайн жүргізу мектебін іске қосты. Онда Whoosh нұсқаушылары самокаттарды жүргізу және оны қалай дұрыс тұраққа қою керектігі туралы айтып берді. Жаңадан қолданушылар үшін қызмет жасанды кедергілері бар арнайы алаңдармен жабдықталған. Онда тәлімгерлердің көмегімен алғашқы сапарын жасай алады,- деді ол.

Электр самокатпен жүру Астана және Алматы қалаларында базалық тариф бойынша сапардың басталу уақыты – 100 теңге, минуты – 35 теңге. Пайдалану құны динамикалық баға алгоритмі бойынша өзгеруі мүмкін. Ол сұранысқа, қолжетімді самокаттардың санына, олардың қуатына байланысты болады. Электр самокаттарды үнемі қолданатындар үшін Whoosh Pass жазылымы бар. Сапардың басталуы төленбейді, бір аптаға – 250 теңге, бір айға – 490 теңге. Жаңа пайдаланушылар жазылымды жеті және отыз күн бойы тегін пайдаланып көре алады.

Айта кетейік, бұл электр самокат әлемнің 40-тан астам қаласында жұмыс істейді. Компанияның паркінде 82 000-нан астам электр самокат бар.

Источник: kaz.elorda.info