үй Астанада Астанаға көшіп келушілерді шектеу керек – Несіпбек Айтұлы

Астанаға көшіп келушілерді шектеу керек – Несіпбек Айтұлы

0

Қалаға жыл сайын 40 мыңдай оқушы келеді екен

Фото: stan.kz

Бұл туралы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен куездесуі барысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Қаламгердің айтуынша, соңғы отыз жылда халық ауылды тастап, жаппай қалаға ағылуда. Соның салдарынан Астана сияқты қалалардың ахуалы тым қиын. 

Менің естуімше, қалаға жыл сайын 40 мыңдай оқушы келетін көрінеді. Астана резеңке емес қой созыла беретін. Сондықтан енді қалаға көшіп келушілерді шектеу керек деп ойлаймын. Одан да басқа қалаларды, басқа өңірлерді дамытуды қолға алу керек. Әйтпесе, су мәселесі, басқа да мәселелер ертең үлкен проблемаға айналуы мүмкін, — деді ақын.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version