үй Астанада Астана қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

Астана қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

24
0


                        Астана қаласы мәслихатының төрағасы сайланды

фото: informburo.kz

Бүгін Астана қаласының жаңадан сайланған VIII шақырылымдағы мәслихат депутаттарының алғашқы сессиясының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Сессияны Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова ашты. Отырысқа Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Астана қалалық мәслихатының алғашқы сессиясының отырысында депутаттық корпустың бірауыздан қолдауымен Ерлан Каналимов мәслихат төрағасы қызметіне сайланды.

Өз кезегінде Ерлан Каналимов әріптестерінің алдында сөз алып, өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаратынын жеткізді.

Ерлан Каналимов 1982 жылы 22 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген.

Астана қаласының Басқару Институтында (2003 ж.), Қазақстан-Ресей университетінде (2007 ж.) білім алған. Мамандығы – экономист, заңгер.

Источник: kaz.elorda.info