үй Астанада Астана қаласының әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Астана қаласының әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

0

Сіздер — жылулық пен сұлулықтың символы болып есептелесіздер

Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info. 

Құрметті нәзік жандылар қауымы! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздер түрлі салаларда еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүрсіздер. Елордада 1 млн 350 мың адам тұрады, олардың жартысынан көбі — әйелдер. Денсаулық сақтау және білім беру салаларында 30 мыңнан астам әйел адам қызмет етіп жүр. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда 100 мыңнан астам әйел адам жұмыс істейді, шағын және орта бизнестің 97 мың субъектісін нәзік жандылар қауымы басқарады.

Мемлекет басшысы әйелдерге қолдау көрсету шараларына ерекше назар аударады, басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі артып келеді. Елордамыздың әрбір жетістігі сіздермен тығыз байланысты.

Сіздер — жылулық пен сұлулықтың символы болып есептелесіздер! Әрбір үйдегі береке, жүректегі қуаныш сіздердің ақ пейіл ниеттеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасы. Бала тәрбиесімен айналыса жүріп, карьера құрасыздар, қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрсіздер. Сіздер болмасаңыздар біз де болмас едік! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, алға қойған жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілеймін! – деді қала басшысы. 

 

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version