үй Астанада Астанада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді

16
0

Бағдардың қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі


                        Астанада №20 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді

Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада №20 бағдардың қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында, сондай-ақ тұрғындардың №61 мектепке бағдарды жақындату туралы өтініштері бойынша, 18 наурыздан (сенбі) бастап № 20 қалалық бағдарының қозғалыс сызбасына ішінара өзгеріс енгізіледі, бағдардың қозғалыс сызбасына «Конституция көшесі», «Арман» ТД, «Айдана» дүкені» аялдамалары қосылады, — делінген CTS хабарламасында.

Бағдардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен танысуға болады.

Источник: kaz.elorda.info