үй Астанада Астанада әлдебіреулер автобус ішіне іш киімдер жайған (ВИДЕО)

Астанада әлдебіреулер автобус ішіне іш киімдер жайған (ВИДЕО)

29
0

Жіп тартып, киімдерді іле бастаған


                        Астанада әлдебіреулер автобус ішіне іш киімдер жайған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

20 ақпанда әлеуметтік желілерде елордадағы автобус салонында жіп тартып, іш киімдер ілінген бейнежазба жарияланған еді. Бұл бейнематериал көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Осыған қатысты CTS компаниясы оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info.

Қызметтік тексеру барысында CTS Көлік бақылау департаментінің жұмыскерлері бұл әрекеттің №21 бағдарда болғанын анықтады. Мән-жайды нақтылау үшін автобус салонындағы камералардан бейнематериалдар алынды. Бейнежазбаны қарау кезінде белгілі болғаны, сағат 20:29-да «Астана саябағы» аялдамасынан отырған жолаушылар автобус салонында асығыс түрде жіп тартып, киімдерді іле бастаған. Келесі «Аiland» отбасылық демалыс орталығы аялдамасына жеткенде ілінген жіп пен заттарын жинап алып, автобустан шығып кеткен. Олардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқан жайттың барлығын ұялы телефондарына түсірген, — делінген компанияның ресми Іnstagram парақшасында.

Компанияның мәліметінше, тиісті шара қолдану үшін бейнематериал Астана қаласының полиция департаментіне жолданған.

Источник: kaz.elorda.info