үй Астанада Астанада Наурыз мейрамын тойлау басталды

Астанада Наурыз мейрамын тойлау басталды

19
0

Қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды


                        Астанада Наурыз мейрамын тойлау басталды

«Urker Aueni 2023» II жыл сайынғы фестивалі Астанадағы Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шаралар легінің бастауы болды. К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясыда фестиваль өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурсттық бағдарламада мектеп-гимназиясының оқушылары, қалалық бірқатар балабақшалардың тәрбиеленушілері, «Есіл» аудандық әкімдігінің қызметкерлері, денсаулық сақтау мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, «Үркер» тұрғын алабының белсенді азаматтарынан құралған 12 дуэт өнер көрсетті.

Фестиваль қатысушылары музыкалық нөмірлерін отбасылық және рухани құндылықтарды сақтау мен нығайту маңыздылығына арнады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша, «Жаяу» әнін орындаған «Жауқазын» атты №92 бөбекжай-бақша өкілдері Жақсыкелді Надыров пен Нұрдана Ахметжан гран-при иегерлері атанды.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен демеушілер атынан естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, келген қонақтарды ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Бибігүл Асылова, Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі Асылбек Есенбаев және танымал «Үркер» тобы құттықтады.

Фестиваль алғаш рет өткен жылы өткізілген. Ол кезде біз еңбегі сінген ұстаздар мен «Үркердің» белсенді тұрғындарына құрмет көрсеттік. Ал осы жылы фестиваль форматын өзгертіп, дуэттерді тандадық. Ең бастысы, дуэетте 1 ересек адам мен 1 бала болуы тиіс. Бұл әрине отбасыдағы қарым-қатынастарды күшейтіп, рухани құндылықтарымызды насихаттауға оң әсерін тигізеді. Фестиваліміз дәстүрлі болып, Наурыз мейрамының қарсанында өткізілетін болады. Өйткені, біз мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Наурызды атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түсу идеясын толыққанды қолдаймыз, — деді іс-шара ұйымдастырушысы және К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Назгүл Мақжан.

Айта кетсек, «Үркер» тұрғын алабында 30 мыңға жуық адам тұрады

Источник: kaz.elorda.info