үй Астанада Астанада шығармашыл және белсенді балалардың дамуына жағдай жасалып жатыр

Астанада шығармашыл және белсенді балалардың дамуына жағдай жасалып жатыр

25
0

Орталық жыл сайын Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуін өткізеді


                        Астанада шығармашыл және белсенді балалардың дамуына жағдай жасалып жатыр

Фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астана қаласындағы дарынды балалар мен дарынды жастарды қолдау» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының м.а. Жанар Бейсенбаева брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығы – Астана қаласы Білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі.

«Астана дарыны» орталығының міндеті – баланың зияткерлік қабілеттерін анықтау және қолдау, ойы мен дербестігін қалыптастыратын шығармашылық тұлғаның дамуына негіз болатын әртүрлі интеллектуалды іс-шараларды жүзеге асыру. Орталық дарынды балалармен жұмыс жүйесін ой елегінен өткізе отырып, қазіргі уақытта дарындылығы әлі ашылмаған, бірақ өзінің шығармашылығы мен белсенділігімен танылуға мүмкіндігі бар балалардың дамуына жағдай жасайды.

Жоғары сынып оқушылары үшін – республикалық деңгейдегі президенттік және лингвистикалық Олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жобалар байқауы, қалалық және республикалық «Абай оқулары», «Ақселеу оқулары», «Қадыр оқулары», «Мағжан оқулары», «Абай әлемі», «Менің кіші Отаным», «Моя инициатива – моей Родине», халықаралық STEM олимпиадасы, робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» қалалық турнир және т.б. конкурстар өткізіліп отырады. Балаларды әртүрлі зияткерлік іс-шараларға кеңінен қамту үшін, Орталық әрбір бала өзін-өзі жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерін аша алатын жаңа жобаларды ұсынады. Қатысуға ешқандай шектеулер жоқ, іс- шаралар тегін. Өткен жылы елорданың олимпиадалық құрамасы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық Олимпиадада рекордтық медаль жеңіп алды – елорда командасының қоржынында 93 медаль: 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль бар. Астана құрамасы жыл сайын «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алады. Зияткерлік олимпиадаларға сапалы дайындалу және жоғары нәтиже көрсету үшін Орталық демалыс кезінде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, оған бұрынғы Олимпиадалардың — өткен жылдардағы халықаралық Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тартылады, – деді Жанар Бейсенбаева.

Оның айтуынша, түлектерге мамандық таңдауда және болашақ түлектің талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқу орнын таңдауға көмектесу үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Орталықта «Qabilet» кәсіптік бағдар беру қызметі ашылған. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – 7-11 сынып оқушылары үшін жеке тұлғаның зияткерлік қабілеттері мен кәсіби өзін-өзі анықтауын, оқушының психологиясын, дағдысын, білімін, дарындылығын, икемін ескере отырып, кез келген мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталған.

«Qаbilet» қызметі  балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтау, кәсіби кеңес беру және 3 бағыт бойынша кәсіби маңызды құзыреттерді меңгеру мақсатында диагностика жүргізеді. 2022 жылы  «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» қызметі онлайн-платформасында 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтаудың «4K» (шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық, қарым-қатынас) диагностикасын ұйымдастырып, жүргізді. Бүгінгі күнге дейін Астана қаласы бойынша 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілет диагностикасы бойынша 18448 оқушы тіркелсе, 15612 оқушы  диагностикадан өтті, – деді «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының м.а.

Жанар Бейсенбаеваның апат өтуінше, Республикалық және халықаралық рейтингтік Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттары беріледі. Республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін көтермелеу және ынталандыру үшін Орталық жыл сайын 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуін өткізеді.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына республикалық деңгейде «National Geographic Kazakhstan» танымал ғылыми географиялық журналмен бірлескен география пәнінен Ұлттық олимпиада, Exxon Mobil компаниясының қолдауымен биология және химия пәндерінен республикалық олимпиада, Astana IT University мен BI Group ірі құрылыс корпорациясының қолдауымен робототехникадан «Robotek Grand Tournament» республикалық турнир сияқты бірқатар жобаларды ұйымдастырып өткізу енгізілді, – деді ол.

Источник: kaz.elorda.info