Жастар арасындағы жұмыссыздық 4,6%-ды құрайды
Фото: Ашық дереккөз
Елордада 14 пен 29 жас аралығында 232 мың жас бар. Бұл туралы бүгін «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы» тақырыбында өткен брифингте Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбекке қабілетті жастар – 166,5 мың немесе 71,7%; жастар арасындағы жұмыссыздық 4,6%-ды құрайды. NEET санатындағы жастар үлесі 6,7% немесе 11 155 адам. Былтыр осы уақытта көрсеткіш 7%-ды көрсетіп, 11 655 адамды құраған. Яғни 500 адам NEET санатынан алынып, жұмысшы жастардың қатарына қосылды. Қалада 14 жоғары оқу орындары бар. Онда 63 мың студент білім алады. Ал 36 жатақханада 14 426 студент тұрады, — деді Қ.Қамбаров.
Источник: kaz.elorda.info