үй Астанада Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды

Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды

0

Тек 20 нысан құрылыс жүргізуге қажетті рұқсат құжаттарын алған

Елорда аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Көппәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілерін анықтап қана қоймай, рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетеді. Осылайша, 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуіне қажетті рұқсат құжаттарын толықтай алды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан құрылысшылар одағының және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталды. Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line» ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium» ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және т.б, — деп жазылған хабарламада.

Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 объект (76 объектінің ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар берілетін болады.

Көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының жаңа нысандары рұқсат құжаттарынсыз жүріп жатқаны анықталар болса, бұл объектілер өз бетінше салынып жатқан құрылыс деп танылып, бұзылатын болады.

Сондай-ақ, қалада «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланып тұрады.

Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын мынадай жағдайларда ғана қабылдай алады:

1) тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу;

2) Екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;

3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Егер қолданыстағы заңды бұза отырып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Астана қаласы қалалық ортаның бақылау және сапа басқармасы» ММ уәкілетті органына хабарласуыңызды сұраймыз, — деп жазылған хабарламада.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version