үй Астанада Астанадан бір түнде 12 мың текше метрден аса қар шығарылды

Астанадан бір түнде 12 мың текше метрден аса қар шығарылды

0

Дүйсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды

Фото: Сұлтан Сейіт

Астанада қар күреу бойынша жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Оған күн сайын мыңдаған жұмысшы мен арнайы техникалар жұмылдырылады, деп хабарлады Elorda.info.

13 ақпанға қараған түні елордадан 12 мың текше метрден астам қар, яғни 915 рейс шығарылды.

Дүйсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына қаланың коммуналдық қызметтері 3,13 млн текше метр қар шығарды, бұл – 251 059 ауыр жүк көлеміне тең.

Жұмыс қаланың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде біркелкі жүріп жатыр. Тұрғындардың ыңғайлы жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version