үй Астанада Астаналық ұландықтар есінен танып қалған қызға көмектесті

Астаналық ұландықтар есінен танып қалған қызға көмектесті

0

Алайда қыз ауруханаға жатудан бас тартты

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Елордалық ұландықтар есінен танып қалған, қызға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу бағытымен әскери қызмет атқару кезінде қызды асфиксиядан құтқарды. Кешкі сағат 18.50 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Дамир Валеев пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Санжар Ауған мен Жасұлан Мурсетуллдан тұратын әскери жасақ автобус аялдамасында өзін нашар сезінген қызды байқады, — деп жазылған хабарламада.

Есінен танып қалған қызды автобустан түсіріп, аялдамаға отырғызған. Әскери жасақ оқиға туралы патрульдік топтың бастығы кіші сержант Ертай Тұрлыхановқа баяндап, қызға алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.

Мен бұл жерге келгенде біздің әскери жасақтың сарбаздары медициналық көмек көрсетіп, қыздың есін жинауға көмектесті. Белгілі болғандай, жәбірленушіде бронх демікпесі бар екен және асфиксияның алдын-алу үшін алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Осыдан кейін қыз дем ала бастады және бірте-бірте есін жинады, — дейді кіші сержант Ертай Тұрлыханов.

10 минуттан кейін жедел-жәрдем көлігі аялдамаға қыз баланың жағдайын одан әрі тексеру үшін келді. Алайда қыз ауруханаға жатудан бас тартты.

Мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне ризамын. Олар менің өмірімді сақтап қалды. Әскери қызметшілердің жылдам әрі үйлесімді іс — қимылдарының арқасында қазір жағдайым жақсы, — деп қыз алғысын білдірді.

 

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version