үй Астанада Астаналық үстел теннисі шеберлері ел спартакиадасында күміс жүлде алды

Астаналық үстел теннисі шеберлері ел спартакиадасында күміс жүлде алды

0

Турнир жеке, жұптық, аралас жұп бойынша өтті

Үстел теннисінен VI жазғы республикалық спартакиадасы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағанды қаласында өткен турнирде чемпиондар мен жүлдегерлер жеке, жұптық, аралас разрядтарда сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте бірінші орынға – Қарағанды, екінші – Астана және үшінші орынға шымкенттік шеберлер тұрақтады.

Астана қаласы үстел теннисінен спартакиаданың қорытындысы бойынша мынадай нәтижелер көрсетті:

Әйелдер командасы – 3-орын;

Ерлер командасы – 3-орын;

Аралас жұп – 1-орын;

Ерлер жұбы – 2-орын

Жекелей сында Кирилл Герасименко – 1-орын.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version