үй Астанада Астананың 25 жылдығы қалай атап өтіледі

Астананың 25 жылдығы қалай атап өтіледі

18
0

Бұл туралы Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры мәлім етті


                        Астананың 25 жылдығы қалай атап өтіледі

Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік академиялық филармония Астананың 25 жылдығына ашық аспан астында көптеген фестивальдер мен іс-шаралар жоспарлады. Бұл туралы филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Домбыра күніне орай Құрманғазының 200 жылдығына арналған филармония шеруі өтеді, Елорда күніне арналған ауқымды музыкалық фестиваль ұйымдастырылады, оған филармонияның барлық ұжымдары мен шақырылған жұлдыздар қатысады, сондай-ақ «Астана дауысы» фестивалі, Манарбек Ержанов атындағы республикалық байқау, алғаш рет ашық «Заманауи би фестивалі» республикалық телевизиялық жобасы және тағы да көптеген шаралар өткізіледі, – деді ол.

Источник: kaz.elorda.info