үй Астанада Балабақшада сәбилердің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді

Балабақшада сәбилердің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді

19
0

Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді 


                        Балабақшада сәбилердің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді

Фото: Оңалхан Өнерхан

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне де қойылатын талап күрделене түсті. Балабақшаларда қолданылатын жаңа технологияларда баланың білімі мен дағдысын емес, оның денсаулығы мен тұлғалық дамуын бірінші орынға қойып отыр. Елордадағы №71 «Мөлдір» балабақшасы да осы бағыттағы жұмысын жалғастырып келеді. Мекемеде 2020 жылы денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы бала денсаулығын нығайту мақсатында эксперименталды алаң жұмысы басталған. Бүгін балабақшада осы әдіс бойынша үш жыл бойы атқарылған жұмыстар ата-аналар назарына ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Бұл әдіс қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрін насихаттауда педагогтердің күнделікті  дәстүрден тыс құралдарды қолдануымен ерекшеленеді. Балабақша меңгерушісі Жанар Жүсіпәлиева жиналған ата-аналар қауымын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, эксперименталды алаң жұмысын қысқаша қорытындылады.

Біздің балабақшада 2020 жылы денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы бала денсаулығын нығайту мақсатында эксперименталды алаң жұмысы басталғаны ата-аналарға мәлім. Карантин кезеңі көптеген жұмысымызға кедергі болды. Дегенмен осы үш жылда біздің балабақшамызда балалардың денсаулығы мен балабақшаға келуі деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жасалды. Балабақшада тұз шахтасы ашылды. Ол жерде балалар түрлі тыныс алу жолдарын үйренді. Құм терапиясы баланың ұсақ маторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ата-аналар ұсынысы бойынша  ақылы логопед, массаж, каратэ, вокал үйірмелер ашылды. Алдағы уақытта жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында физиотерапия кабинеттерін ашуды жоспарлап отырмыз, — деді балабақша меңгерушісі.

Ата-аналарға арналған семинарға қатысқан қала тұрғыны Жанель Ошақпаева бала денсаулығына қамқорлық көрсетуде балабақшадағы атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Менің балам «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі.  Бүгінгі семинарда біз балабақша ата-аналары және басқа балабақшалардың ата-аналарымен танысып отырмыз. Балабақша іші безендірілген. Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында, балабақшамызда педагогтердең өз қолдарымен жасаған қазақша нақыштағы дәстүрден тыс құралдары, асықтан жасалған дидактикалық материалдары, бестемше, қазақ халқының ою-өрнектерін насихаттау мақсатында киіз басу, ши тоқу, түрлі заманауи тәсілдер кеңінен көрсетілді. Асықтан жасалған массажды төсеніштер қазақ халқының ою-өрнектерімен безендірілген. Балабақша меңгерушісі Жүсіпалиева Жанар Абайқызына және балабақша педагогтеріне алғыс айтамыз, — деді қала тұрғыны.

Жиын барасында балабақша тәрбиеленушілері түрлі қойылымдар арқылы жаңа технологияны көрсетті. 300 балаға арналған балабақша тәрбиеден бөлек, бала денсаулығын сақтау бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Источник: kaz.elorda.info