үй Астанада Барак типті үйлерде кәріз жүйесі жұмыс істемейді – Жеңіс Қасымбек

Барак типті үйлерде кәріз жүйесі жұмыс істемейді – Жеңіс Қасымбек

0

Апатты үйлер бойынша тізім жаңартылады

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қаланы аралау барысында Байқоңыр ауданындағы проблемалы орындарға бардым. Алдымен Кирпичный елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар №12 мектептің (Көксеңгір көшесі) проблемасын көтерді. Бұл мектеп осыған дейін апатты деп танылып әрі пайдалануға жарамсыз болғаны үшін бұзылған. Бірақ жаңа ғимараттың құрылысы тоқтап қалды деуге болады. Ал жосықсыз мердігермен келісімшарт бұзылды. Білім ошағының құрылысын биыл аяқтауды тапсырдым, — деді қала әкімі.

Қаладағы жеке сектордың орнына әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешендері, қоғамдық кеңістіктер болады. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Жеңіс Қасымбек айтты.

 

Сол сияқты апатты үйдің (Чехоева, 3, 1) тұрғындарымен кездестім. Бұл барак типті үйлерде кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Бұл үйлердің бір бөлігін 2024 жылы бұзылатын нысандар тізіміне енгіземіз. Сондай-ақ өзге де апатты үйлер бойынша тізімді жаңартамыз. Байқоңыр ауданының тағы бір түйткілді проблемасы – жоғары вольтты электр беру желілерінің астында орналасқан үйлерді бұзу. Бұл Биші Қайың (Күлтегін), Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшелерінде орналасқан үйлер. Өткен жылы үйлердің бір бөлігі сатып алынған болатын. Биыл да жүйелі түрде учаскелерді сатып алу, үйлерді бұзу жұмысын жалғастырамыз. Осылайша, тұрғындар ұзақ жылдардан кейін өзге орындарға көшіп, денсаулығына алаңдамайтын болады. Жеке сектордың орнына әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешендері, қоғамдық кеңістіктер болады. Асан Қайғы көшесінің бойымен инженерлік желілермен (Уәлиханов көшесімен қатар) жол салу жоспарланып отыр, — деді Жеңіс Қасымбек.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version