үй Астанада Былтыр елордалық 200 спортшыға спорттық разрядтар тағайындалды

Былтыр елордалық 200 спортшыға спорттық разрядтар тағайындалды

25
0

Астана қаласының климаттық жағдайы қысқы спорт түрлерін дамыту үшін өте қолайлы


                        Былтыр елордалық 200 спортшыға спорттық разрядтар тағайындалды

Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қысқы спорт түрлері маусымы» тақырыбында «№2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы Бауыржан Сахарбаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының климаттық жағдайы қысқы спорт түрлерін дамыту үшін өте қолайлы. Мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы және спорттық бағдарлау сияқты спорт түрлері өте танымал. Бұл спорт түрлері Астана қаласы әкімдігінің №2  мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дамытылуда.

Спортшылар контингенті бүгінде 700 спортшыны құрайды. Жаттықтырушы-педагогтар штаты 29 адамнан тұрады. Оқу-жаттығу сабақтары қалалық саябақтардың аумағында, сондай-ақ, «Алау» Мұз айдынында  өткізіледі.         

Қалалық саябақтың аумағында орналасқан шаңғы-роллер жолында әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау, білім беру қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, студенттер арасында қалалық спартакиада және басқа да көптеген спорттық іс-шараyың өткізілуіне байланысты шаңғы жарысы мен спорттық бағдарлаудың танымалдылығы артуда. Сондай-ақ Астана қаласының қалалық саябағында елорда тұрғындары мен қонақтары құны 2000 теңге тұратын жеке шаңғыны жалға алу мүмкіндігін пайдалана алады.

2022 жылы «№2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ контингенті 700 спортшыны құрайды.

Олардың ішінде шорт-трек – 133 спортшы, мәнерлеп сырғанау — 288 спортшы, конькимен жүгіру спорты — 96 спортшы, шаңғы жарысы — 72 спортшы,спорттық бағдарлау — 111 спортшы.

Өткен жылы спортшыларымыздың қанжығасы майлы болғанын атап өткен жөн. Қалалық жарыстан 138 алтын, 127 күміс, 112 қола, республикалық жарыстан 214 алтын, 193 күміс, 155 қола, халықаралық жарыстан 36 алтын, 44 күміс,  35 қола иеленді, – дейді мектеп директоры.

Бауыржан Сахарбаевтың айтуынша, былтыр 200 спортшыға спорттық разрядтар тағайындалды. Алдағы уақытта әлемдік спорттың талай ірі тұлғалары тәрбиеленеді деп сеніммен айтуға болады. Қазірдің өзінде көптеген спортшы еліміздің ұлттық құрамасын толықтырды. Негізгі құрамда – 14 спортшы, жастар құрамасында – 19 спортшы, жасөспірімдер құрамасында – 42 спортшы бар.

Источник: kaz.elorda.info