үй Астанада Елорда базарларында жаңа жылдан кейін азық-түлік бағасы қалай өзгерді

Елорда базарларында жаңа жылдан кейін азық-түлік бағасы қалай өзгерді

19
0

Бір айда сәбіз бағасына 50 теңге қосылған


                        Елорда базарларында жаңа жылдан кейін азық-түлік бағасы қалай өзгерді

фото: ашық дереккөзден

Elorda.info оқырмандары күнделікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына шолу жасап, өнімдерді қайдан сатып алу тиімдірек екенін біле алады.

Қаңтардан бастап елорда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өзгерді. Мысалы, желтоқсанда картоптың бір келісі 160-170 теңге болса, қазір 200 теңгеден сатылуда. Орта есеппен картоп бағасына 22 теңге қосылған. Сәбіз өткен айда 95-180 теңге аралығында сатылса, қазір бір келісі 190-240 теңгеден саудаланып жатыр. Бір айда сәбіз бағасына 50 теңге қосылған. Пияз 40 теңгеге қымбаттаса, қырыққабат бағасы 12 теңгеге өсті.

Жыл басталғалы азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгергені төмендегі кестеде:

Источник: kaz.elorda.info