үй Астанада Елордада 6,5 мыңнан астам спортшы медициналық тексерістен өткен

Елордада 6,5 мыңнан астам спортшы медициналық тексерістен өткен

20
0

Спорттық медицина орталығында жарақат алған спортшыларды сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстары қарастырылған


                        Елордада 6,5 мыңнан астам спортшы медициналық тексерістен өткен

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық Спорттық медицина орталығының басшысы Азамат Ерқасымов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты ұйымдардың спортшыларына жан-жақты медициналық тексерулер жүргізе бастады. Биыл 1, 2, 4, 5, 8 БЖМОРСМ мен Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясына, олимпиадалық емес спорт түрлерінен спортты дамыту дирекциясының спортшыларына медициналық тексерулер жүргізді. Медициналық тексерістен өткен спортшылардың жалпы саны шамамен 6 575 адамды құрады.

Сонымен қатар, шағымдар мен өтініштер болған жағдайда физиотерапиялық қызмет көрсету, спортшыларды сауықтыру, оңалту және қалпына келтіру жұмысы жүргізілді, — деді Азамат Ерқасымов.

Ол  сондай-ақ орталықтың ерекшелігіне де тоқталып өтті.

«Қадам» спорттық медицинаны дамыту жеке қорымен және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойдық.

Орталықтың бірегейлігі – спортпен белсенді шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанатын адамдарға, кәсіби спортшыларға диагностикалау, оңалту, қалпына келтіру және емдеу бойынша кең түрлі медициналық қызмет көрсетуінде. «Астана қаласының Спорттық медициналық орталығы» МКҚК соңғы озық үлгідегі арнайы медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Енді спортшылар басқа қалаларға, шетелдерге бармай-ақ, жеке клиникаларға немесе жеке мамандарға жүгінбей-ақ, медициналық диагностика, дене даярлығы мен қимыл-қозғалысының деңгейін анықтайтын кешенді тестілеуден өте алады. Сонымен қатар, жарақат алған спортшыларды сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстары қарастырылған, — деп атап өтті орталық басшысы.

Источник: kaz.elorda.info