үй Астанада Елордада қар күреуге екі мыңнан астам жұмысшы шықты

Елордада қар күреуге екі мыңнан астам жұмысшы шықты

22
0

21 ақпанға қараған түні 16 мың текше метрден астам қар шығарылды


                        Елордада қар күреуге екі мыңнан астам жұмысшы шықты

Фото: Сұлтан Сейіт

Астанада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 21 ақпан күні қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.

21 ақпанға қараған түні елордадан 16 мың текше метрден астам қар немесе 1 244 рейс шығарылды. Таңертеңнен бастап елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 269 703 рейс жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін де қар жауады. 21 ақпанда елордада көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең қар, боран болады деп күтілуде. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, қалада оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел күтіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауды сұраймыз. Көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау қажет, – делінген хабарламада.

Источник: kaz.elorda.info