үй Астанада Елордада Бекетай көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

Елордада Бекетай көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

64
0

Бөгенбай батыр даңғылынан Әлия Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскедегі Бекетай көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды


                        Елордада Бекетай көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісіліп, Бөгенбай батыр даңғылынан Әлия Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскедегі Бекетай көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты 31 наурыздан 22 сәуірге дейін жоғарыда аталған учаске бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылатын болады, — делінген басқарма хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларының туындауын болдырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Источник: kaz.elorda.info