үй Астанада Елордада гандболдан қалалық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті

Елордада гандболдан қалалық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті

16
0

Жарысқа 30 командадан 300-ден астам бала қатысып жатыр


                        Елордада гандболдан қалалық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті

Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін елордада әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында гандболдан қалалық мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Лиганың салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, грек-рим күресінен КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Қазақстан гандбол федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Дәулет Тұрлыханов, «Қазақстан гандбол федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнар Исмағұлқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі» орталығының бас директоры Сағдат Садықов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Гандбол ойыны осыдан 5-6 жыл бұрын 1 ғана мектепте болса, қазір 14 мектепте бар. Бүгінгі жарысқа 30 командадан 300-ден астам бала қатысып жатыр. Гандбол ойыны дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. Алдағы уақытта бұл ойынды одан әрі дамыту үшін басқарма тарапынан тиісті жағдайлар жасалатын болады. Лигаға қатысып жатқан командаларға сәттілік тілеймін, — деді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Айта кетейік, екі күнге созылатын ойын 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар,қыздар) өтеді. 

Жеңімпаздарды марапаттау 3 наурыз күні болады.

Источник: kaz.elorda.info