үй Астанада Елордада Грэпплинг AIGA-дан қала чемпионаты өтті

Елордада Грэпплинг AIGA-дан қала чемпионаты өтті

13
0

«Үздік» деп танылған спортшыларға арнайы кубоктар табысталды


                        Елордада Грэпплинг AIGA-дан қала чемпионаты өтті

Фото: ашық дереккөзден

12 наурызда Астана қаласында балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында Грэпплинг AIGA-дан қала чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.  

Жарысқа елордалық 17 клубтан келген 220 спортшы қатысып, бақ сынады.

Дирекция құрама командасы үшін чемпионат сәтті өтті. Олардың қоржынында 2 «алтын», 2 «күміс», 2 «қола» бар.

Сонымен қатар «Үздік» деп танылған спортшыларға арнайы кубоктар табысталды.

Астана қаласының чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Қала клубтарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Спортшыларымыздың жеңісі біздің де жеңісіміз. Олардың жарысқа дайындығын жаттықтырушылар өзіміз жіті қадағаладық. Осы жарыста жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылар алдағы уақытта өтетін ел чемпионатына тікелей жолдама алды, — деді Астана қаласының аға жаттықтырушысы Мұххамед Нуркин.

Жарыс қорытындысы төмендегідей:

1-орын – Нұрсұлтан Меңдібаев (65 кг);

1-орын – Александр Назаренко (+100 кг);

2-орын – Александр Назаренко (83 кг)

2-орын – Мұса Нұридинұлы (70 кг);

3-орын – Бекзат Сахиев (65 кг);

3-орын – Әбду-Әли Абдукадыр (76 кг).

Біріншілік қорытындысы бойынша мынандай сыйлықтар табыс етілді:

Александр Назаренко – үздік жекпе-жек көрсеткені үшін;

Нұрсұлтан Меңдібаев – үздік әдіс үшін;

Бекзат Сахиев – үздік жекпе-жек көрсеткені үшін;

Мұса Нұридинұлы – жеңіске деген ерік-жігері үшін.

Источник: kaz.elorda.info