үй Астанада Елордада жас бапкерлер арасында баскетболдан семинар өтті (ФОТО)

Елордада жас бапкерлер арасында баскетболдан семинар өтті (ФОТО)

12
0


                        Елордада жас бапкерлер арасында баскетболдан семинар өтті (ФОТО)

фото: Сұлтан Сеитов

Астанада 11 жастан 18 жасқа дейінгі ойыншыларды оқыту бойынша практикалық сабақтар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл шараны ұйымдастырушы Саша Груич пен Слободан Давинич есімді жаттықтырушылар жеке, топтық және командалық оқыту әдісін түсіндірді. Ойын барысында техникалық-тактикалық іс-қимыларды түсіндіріп, оларды жетілдіру әдістерін көрсетті.

Былтыр Қазақстаннан 30 шақты спортшы қатысты. Бұл жолы одан да көп адам қатысады деп үміттенеміз. Соңғы 3-4 жылда Ресейді қоспағанда, Қазақстанға алғаш рет осылай семинар өткізіп жатырмыз. Бұл шара күзде тағы да қайталауды жоспарлап отырмыз,- деді Сербиялық жаттықтырушы Саша Груич. 

Сондай-ақ, ойын кезінде жылдам серпіліс жасау әдісін түсіндірді. 

Семинар тек қатысушыларға арналған шеберлік сабақпен аяқталды. Бұл спорт түрінің мамандары жеке-жеке жас ойыншыларға техникалық әдістерді көрсетті. 

Зарина Сәрсенбайқызы

 

Источник: kaz.elorda.info