үй Астанада Елордада жас баскетболшыларға арналған семинар өтті (ФОТО)

Елордада жас баскетболшыларға арналған семинар өтті (ФОТО)

14
0


                        Елордада жас баскетболшыларға арналған семинар өтті (ФОТО)

фото: Сұлтан Сеитов

Астанада 11 жастан 18 жасқа дейінгі ойыншыларды оқыту бойынша практикалық сабақтар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Тренерлер Саша Груич пен Слободан Давинич   қатысушыларға жеке, топтық және командалық оқыту әдісін түсіндірді. Ойын барысында техникалық-тактикалық іс-қимыларды түсіндіріп, оларды жетілдіру әдістерін көрсетті.

Сондай-ақ, ойын кезінде жылдам серпіліс жасау әдісін түсіндірді. 

Семинар тек қатысушыларға арналған шеберлік сабақпен аяқталды. Бұл спорт түрінің мамандары жеке-жеке жас ойыншыларға техникалық әдістерді көрсетті. 

Зарина Сәрсенбайқызы

 

Источник: kaz.elorda.info