үй Астанада Елордада кәмелетке толмаған баланы құтқарған сарбаздар марапатталды

Елордада кәмелетке толмаған баланы құтқарған сарбаздар марапатталды

17
0

Олар қайғылы жағдайдың алдын алды


                        Елордада кәмелетке толмаған баланы құтқарған сарбаздар марапатталды

Фото: polisia.kz

Астанада кәмелетке толмаған баланы құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін департамент бастығының бұйрығымен 5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Слямхан Орынбасаров қол сағатпен марапатталды. Сондай-ақ 5573 әскери бөлімінің тағы қатардағы екі жауынгері Кирилл Стержанов пен Вадим Аноховқа алғыс жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 12 наурыз күні Орталық саябақ ауданында әскери қызметке шақырылған жауынгерлер қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқару кезінде Есіл өзенінің үстінде жүрген баланы байқаған. Олар қайғылы жағдайдың алдын алып, жасөспірімді көтеріп, жағаға шығуына көмектескен.

Құтқарылғаннан кейін кәмелетке толмаған бала ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Источник: kaz.elorda.info