үй Астанада Елордада «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтті (ФОТО)

Елордада «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтті (ФОТО)

0

Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына елорданың белсенді тұрғындары Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» мерекелік концертіне жиналды, деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі қазақстандық әртістер қатысумен өткен іс-шара педагогтар мен дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен  білім және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатарындағы елордалық әйелдер үшін нағыз сыйлық болды. 

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек нәзік жандыларды құттықтап, оларға отбасылық амандық пен жаңа мансаптық биіктерге жетуді тіледі.

Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Елордада 1 миллион 350 мыңнан астам тұрғын тұрады. Олардың жартысы — әйелдер. Олар әр түрлі салада еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп, елорданың дамуына елеулі үлес қосуда. Біздің қаламыздың 97 мың шағын және орта бизнес субъектілерін әйелдер басқарады. Елордалық әйелдер қауымына өмірде сәттілік тілеймін. Әрқашан құлпырып жүре беріңіздер,- деді қала әкімі. 

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version