үй Астанада Елордада «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді

Елордада «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді

14
0

Іс-шара ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді


                        Елордада «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді

фото: қала әкімдігінің ресми сайтынан

Елордада 21-23 наурыз аралығында «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді.

«Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларының бай таңдауын ұсынады.

Қала тұрғындары үшін еліміздің әр өңірінен бас қосқан ең жақсы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің жаңа өнімдері ең тиімді бағамен қолжетімді болады. Мереке құрметіне барлық тауарларға үлкен жеңілдіктер жоспарланып отыр.

Шығыс тағамдары фестивалі жұртшылықты асыға күтеді.

Жәрмеңке 21 наурыз күні сағат 13:00-18:00 аралығында, ал 22 және 23 наурыз күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Источник: kaz.elorda.info