үй Астанада Елордадағы Бейсекова көшесіндегі учаске жабылады

Елордадағы Бейсекова көшесіндегі учаске жабылады

0

Тұрғындар мен қала қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет

Астанадағы Ш.Бейсекова көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейде көлік айрығын салуды жүзеге асырады.

Жақын арада перспективалы көлік айрығы ауданында инженерлік желілерді салу, сондай-ақ көпір өткелінің темірбетон тіректерін орнату бойынша жұмыс басталады.

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 наурыздан бастап Н.Тілендиев даңғылының қиылысында Ш.Бейсекова көшесі (Сейфуллин көшесі жағынан және «Сәлем» базары жағынан) бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Бұл шара қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Жолдың кептелуіне жол бермес үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version