үй Астанада Елордада заңсыз жұмыс істеген шетелдік такси жүргізушілері анықталды

Елордада заңсыз жұмыс істеген шетелдік такси жүргізушілері анықталды

0

Елден 20 шетелдік азамат шығарылды

Фото: ашық дереккөз

Астанада "Мигрант" жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері шетел азаматтарының ел аумағында болу ережелерін бұзудың 184 дерегін анықтады, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Елден 20 шетелдік азамат шығарылды, Қазақстан Республикасында жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, жеке тасымалдаумен айналысатын 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Оның ішінде, полиция қызметкерлері жолаушыларды жеке тасымалдаған Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматын мобильді қосымша арқылы ұстаған.

Еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыру және ҚР аумағында заңсыз болу дерегі бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімі бойынша азамат ҚР аумағынан әкімшілік шығарылды, — делінген хабарламада.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version