үй Астанада Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында күміс медаль алды

Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында күміс медаль алды

0

Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Инцеллдегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Жас спортшылар 1000 метр қашықтықта өзара мықтыны анықтады.

Елордалық Алина Дауранова тиісті қашықтықты 1:17.76 уақытта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті. Осылайша 1000 метр қашықтықта сынға түскен жерлесіміз Қазақстанның қоржынына алтын, күміс және қола жүлделерін салып жарады.

Еске салсақ, күні кеше жерлесіміз 500 метр қашықтыққа жүгіруден қола медальді еншілеген болатын.

Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстан спортшылары Алена Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова және Кристина Шумекова командалық спринтте екінші орын алды.

Сондай-ақ, көшбасшылар үштігіне Нидерланды мен Италиядан келген спортшылар кірді. Әйелдер арасындағы жарысқа 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Корея, Латвия, Нидерланды, Норвегия, Польша, АҚШ өкілдері.

Еске сала кетейік, конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионаты 10-13 ақпанда Германияның Инцелле қаласында өтті. Әлемдік біріншілікте қазақстандық спортшылар барлығы 3 медальға ие болды. Қола және күміс медальдарды жерлесіміз Алина Дауранова 500 және 1000 м қашықтықта жеңіп алды.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version