үй Астанада Елордалық құтқарушылар қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды

Елордалық құтқарушылар қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды

21
0


                        Елордалық құтқарушылар қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды

Елордалық құтқарушылар дәстүр бойынша қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды. Қаза болғандарды еске алу құрметіне «Құтқарушылар» саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады Elorda.info.

13 жыл бұрын астаналық гарнизонда орны толмас қайғылы оқиға болды. Үш қызметкер өрттен аман оралмады. Алдымен бір өрт сөндіруші жоғалып, сол жоғалған қызметкерді іздеуге кеткен содан кейін 2 адамнан тұратын буын қайтып келмеді. Бұл оқиға 2010 жылдың ақпан айында болған еді. Сол күні елордада бұрынғы бомбопана ғимараты өртенген болатын.

Валерий Зайцев елордада қиын және ауыр өрттерге шыққан. Полковниктің өзі Сол күні оқиға орнын жіті қарап, мән-жайды анықтап, әріптесін құтқару үшін өртке өзі шыққан еді.

Саят Абеевтың ерліктерінің қатарында ірі өрт оқиғалары бар. Ол бірнеше адамның өмірін құтқарды. Саят басқалардың өмірін өзінікінен жоғары қоятын. Өртте оның бүкіл ойы мен іс-қимылы адам өмірін құтқару және өртті жеңуге бағытталатын.

Руслан Кәкішев өмірінің соңғы минутына дейін қызметтік міндеттерін орындауға адал болды. Өзінің өмірін қатерге тігіп, жеке құрамды қорғады. Соңғы уақытқа дейін ерік-жігерін аямай, өртпен күресті.

Құтқарушылар әріптесі Асқар Забикулинді де еске алды. 2022 жылдың қараша айында елордада биік қабатты үйдің бірінде болған өртте астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулин адамдарды құтқару кезінде өз өмірін қатерге тігіп, ерлікпен қаза тапты.

Асқар Забикулин әрқашан өзінің ержүректілігімен, батылдығымен және өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Жұмысына үлкен құрметпен және жауапкершілікпен қарады, жоғары сынып маманы болды.

Гарнизон басшылығы, қызметкерлері, АҚО ардагерлері, ерлікпен қаза тапқан батырларымыз қызмет еткен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері де қайтыс болған өрт сөндірушілерді еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Источник: kaz.elorda.info