үй Астанада Елордалықтар спорттың 10 түрінен «Бұрқасын» фестиваліне қатыса алады

Елордалықтар спорттың 10 түрінен «Бұрқасын» фестиваліне қатыса алады

16
0


                        Елордалықтар спорттың 10 түрінен «Бұрқасын» фестиваліне қатыса алады

фото: қала әкімінің ресми сайтынан

Биыл елордада «Бұрқасын-2023» жыл сайынғы қысқы фестивалі 19 ақпанда өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Фестивальге әдеттегідей, ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. 

Жарыстар спорттың 10 түрінен өтеді: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. 

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет, — делінген қала әкімдігінің мәліметінде. 

Айта кетейік, шаңғы жарысына тіркеу және бастапқы нөмірлер әр жас тобы бойынша жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын беріледі. 

Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Источник: kaz.elorda.info