үй Астанада Елордалық волонтерлер нәзік жандыларға гүл шоқтарын таратты

Елордалық волонтерлер нәзік жандыларға гүл шоқтарын таратты

0

Бұл акция 3 жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді

Фото: Сұлтан Сейіт

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады, деп хабарлады Elorda.info.

Еріктілер қаланың саябақтарында қыз-келіншектерге гүл шоқтарын таратты.

Астаналық меценаттардың қолдауымен 200-ге тарта қызғалдақты таратып, аруларымызды қуанттық. Біздің волонтерлеріміз өте позитивті жандар. Олар Астананың кез келген ауа райында волонтерлікпен белсенді түрде айналысады. Бастысы – көңіл-күйіміз керемет, – деді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының маманы Олжас Амангелді.

Мереке қарсаңында гүл шоқтарын алған арулардың көңілдері көтеріліп, алғыстарын айтты.

Оқушы және студенттерден құралған волонтерлер көктемгі мерекеде әйелдерге жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы ерекше әсерге бөленгендерін айтады.      

Аналарымызды және әпке-қарындастарымызды мейрамда аз да болса көңілдерін көтергенімізге қуаныштымыз. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына толағай табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, — деді еріктілердің бірі Мейіржан Нұрлыбай.

Айта кетейік, бұл акция 3 жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version