үй Астанада Елорданың жаңадан сайланған мәслихат депутаттары куәлік пен төсбелгі алды

Елорданың жаңадан сайланған мәслихат депутаттары куәлік пен төсбелгі алды

16
0

Сайланған депутаттардың орта жасы 46-да


                        Елорданың жаңадан сайланған мәслихат депутаттары куәлік пен төсбелгі алды

Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сегізінші шақырылған Астана қалалық мәслихатының депутаттарына  куәлік пен төсбелгі тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты шараға дейін Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова жуырда өткен сайлау нәтижесімен бөлісті.

Мәслихат депутаттарын сайлау өткен жылы референдумнан бастау алды.  Бұл сайлау азаматтарындың сайлауға қатысу мүмкіндігін арттырды. Сайлау нәтижесінде қалалық мәслихатқа 34 депутат сайланды. Олардың 50 пайызы партиялық тізімдер, 50 пайызы бірмандаттық округтер бойынша сайланды. Атап айтқанда, Amanat партиясы – 12 мандат, Қазақстан халық партиясы – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 3 мандат. Сондай-ақ, бірмандаттық жүйе бойынша 17 депутат сайланды. Барлық депутаттарға халық сеніміне ие болып, жауапкершілігі мол тапсырмаларды орындау жолында сәттілік тілеймін,- деді Бақыт Бектемісова.

Комиссия төрағасы партия тізімі бойынша және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған азаматтарды жеке-жеке айтып өтті.

«АMANAT» партиясы» Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

— Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы
— Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы
— Жәкенов Берік Оралұлы
— Зейнұлқабден Табиғат
— Каналимов Ерлан Ермекұлы
— Қасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы
— Мағзұм Арсланбек Талғатұлы
— Сағымбаев Абзал Екрамбекұлы
— Сұлтанқызы Ләйлә
— Оразалина Динара Аманболқызы
— Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы
— Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы

«Ақ жол» демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

— Ыбраев Қанат Сұлтанұлы
— Құлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы
— Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы

«Байтақ» жасылдар партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

— Самамбетов Мәулен Естайұлы

«Қазақстан Халық партиясы» Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

– Есенжолов Еркеғали Темірғалиұлы сайланды.

Ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша келесідей:

№ 1 сайлау округі бойынша — Сергеев Владислав Алексеевич;
№ 2 сайлау округі бойынша — Байсеркина Динара Сәтжанқызы;
№ 3 сайлау округі бойынша — Өмірзақов Азамат Тұрсынбекұлы; 
№ 4 сайлау округі бойынша — Әжікенова Мадина Берікболқызы;
№ 5 сайлау округі бойынша  — Айтқожин Азамат Серікұлы;
№ 6 сайлау округі бойынша — Көпешов Нұрлан Маратұлы;
№ 7 сайлау округі бойынша  — Женалаева СалтанатМұқанбетпанақызы;
№ 8 сайлау округі бойынша — Естек Қанат Ғалымжанұлы
№ 9 сайлау округі бойынша — Төлеген Бахаргүл;
№ 10 сайлау округі бойынша — Мүслім Нұрлан Сарбайұлы;
№ 11 сайлау округі бойынша — Орынбасаров Азамат Манасұлы; 
№ 12 сайлау округі бойынша — Самидин Сәуле Самидинқызы;
№ 13 сайлау округі бойынша — Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы;
№ 14 сайлау округі бойынша — Лория Давид Григорьевич;
№ 15 сайлау округі бойынша — Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы;
№ 16 сайлау округі бойынша — Ерғалиев Талғат Файзоллаұлы;
№ 17 сайлау округі бойынша — Рахмет Жандос Қанатұлы.

Осылайша жаңа депутаттар ресми тіркеуден өтіп, куәлік пен төсбелгі алды.

Сайланған депутаттардың орта жасы 46-да. Ең үлкені 63 жаста болса, ең жас депутат 24-те. Мамандықтары бойынша 7 заңгер, 9 экономист, 7 инженер, 4 дәрігер, 2 педагог, 2 журналист және 3 депутат басқа маман иелері.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Источник: kaz.elorda.info