үй Астанада Елорданың орталық алаңында жұртшылық Наурыз мейрамын тойлап жатыр (ФОТО)

Елорданың орталық алаңында жұртшылық Наурыз мейрамын тойлап жатыр (ФОТО)

23
0

Алаң архитектуралық формалармен әсем безендірілген, киіз үйлер, алтыбақан, этностильдегі фотоаймақтар орнатылған


                        Елорданың орталық алаңында жұртшылық Наурыз мейрамын тойлап жатыр (ФОТО)

Фото: Василий Крась

Астанадағы орталық алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара болып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде. Сондай-ақ қала тұрғындары дәстүрлі ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі спорттық іс-шараларды тамашалап жүр.

Алаң архитектуралық формалармен әсем безендірілген, киіз үйлер, алтыбақан, этностильдегі фотоаймақтар орнатылған.

Асық ату, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартысты көруге келген адам қарасы көп. Спорттық жарыстарда жеңіске жеткен тұрғындарға сыйлықтар беріліп жатыр.

Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Бұл мереке – бізге ата-бабамыздан қалған мұра. Әрбіріміз үшін бұл күн жаңа жылдың, татулық пен бірліктің, береке мен жаңарудың ықшамы. Осы салтты ұмыт қылмай, отбасыдан бөлек сіздермен де бас қосып, тойлап жатқанымызға қуаныштымын.

Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт пен мереке, молшылық пен жақсы жаңалықтар әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! – деді ол.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Алтынай Зарлыққызы да тұрғындарды мейраммен құттықтап, пікір білдірді.

Сарыарқа ауданы бойынша Наурыз мерекесі 4 локацияда  тойлануда. Сондай-ақ 2 күн атап өтеміз. Спорттық ойындар, ұлттық тағамдар, мерекелік концерттер ұйымдастырылған. Қазақ елін шын жүректен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек құт береке әкелсін, — деді ол.

Осы орайда елордалық тұрғын Жұмағали Зулгарин де барша жұртты мейраммен құттықтады.

Құрметті елордалықтар, қазақ елі, келіп жеткен әз-Наурыз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен 68 жастамын, гир көтеруден жастармен жарысуға келдім. Өзім спортшымын, — деді ол.

Источник: kaz.elorda.info