үй Астанада Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді ...

Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді Кеше, 13:44

0

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото ©РИА Новости

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, Мәскеудегі мәселелерді, соның ішінде кәсіпкерлік қызметті де шеше алатын, барлық салада құзыретті адамдар жұмыс істейді.

«Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен мәлімдеме болды. Біздің Ресеймен тығыз қарым-қатынасымыз туралы сөз болғанда, Еуразиялық экономикалық комиссия бар екенін білдірді. Онда Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, барлық бағыт бойынша, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет бойынша өте құзыретті адамдар бар, олар Мәскеуде болғандықтан бұл мәселелерді жаба алады», — деді Ерұлан Жамаубаев Сенаттың қулуарында.

Сондай-ақ, ол Мәскеуде Қазақстан елшілігі, түрлі мемлекеттік құрылымдардың белгілі өкілдері бар екенін атап өтті.

«Сондықтан мәселе тек мемлекеттік қызмет көрсету құрылымдарын оңтайландыруға қатысты. Сонымен қатар, бұл мәселемен айналысатын бөлімшелер дәл сондай маңызды басқа мәселелерді шешуге бөлінуі мүмкін», — деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version