үй Астанада «Халық қатысатын бюджет»: Сарыарқа ауданында дауыс беру кезеңіне өткен жобалар анықталды

«Халық қатысатын бюджет»: Сарыарқа ауданында дауыс беру кезеңіне өткен жобалар анықталды

0

Сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіне 65 жобаны іріктеп алды

Фото: ашық дереккөз

Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіне 65 жобаны іріктеп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Өтінімдерді қабылдау барысында Сарыарқа ауданының тұрғындары 83 жобалық ұсыныс берді. Олардың 28-і жоба туралы ереженің өлшемдеріне сәйкес келмеді. Бас тарту себептері – соңғы 5 жылда белгіленген аумақта абаттандырудың жүргізілуі және барлық астаналықтарға аумақтың бірдей қолжетімсіздігі.

Сонымен қатар сараптамалық кеңеске кірген урбанистер, өткен жылдардың жеңімпаздары мен тұрғындардың шешімімен дауыс беруге арналған жобалар 2 санатқа бөлінді. Мәселен, пәтер саны 100-ге дейінгі аулаларда 7 жеңімпаз жоба айқындалады, ал 100-ден астам пәтері бар аулаларда дауыс саны көп 8 жоба іріктеледі.

Дауыс беру функциясы 6 сәуірде Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтында қолжетімді болады. Тұрғындар ЭЦҚ көмегімен дауыс беру арқылы іске асырылатын үздік жобаларды іріктейтін болады.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version