үй Астанада Жаңа бизнес жобаларға 5 млн теңгеге дейін гранттар беріледі

Жаңа бизнес жобаларға 5 млн теңгеге дейін гранттар беріледі

27
0

«Астана бизнес 2» несие беру бағдарламасы жалғасатын болады 


                        Жаңа бизнес жобаларға 5 млн теңгеге дейін гранттар беріледі

Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Кәсіпкерлерді қолдау шаралары, бизнес идеяларға арналған гранттарды жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау үнемі көрсетіліп келеді.  Шағын орта бизнесті  қолдау 2015 жылдан бастап жергілікті «Astana Business» бағдарламасы жүзеге асырылған еді. Бағдарлама аясында 2022 жылы кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 26 млрд теңге бөлінсе, биыл 4 мың жобаны жүзеге асыруға 23 млрд теңге қарастырылған.

Мемлекеттік гранттар өз қызметін елорда аумағында, экономиканың басым секторларында іске асыратын,  жаңадан бастаған немесе ісін ұлғайтуға (3 жылға дейін) арналған кәсіпкерлерге (шағын) өтеусіз негізде беріледі. Бір кәсіпкер үшін грант сомасы 5 млн теңгеге дейін жетеді.

Елордада күні бүгін 457 мың адамды қамтыған 209 мың шағын орта бизнес тіркелген. Ұлттық жобаны қолдау мақсатында әкімдік тарапынан үнемі кәсіпкерлерге қолдау шаралары жүргізіліп отырады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру, мемлекеттік гранттар бөлу, инфрақұрылымды толықтыру дейді, — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров.

Сондай-ақ әкімдіктің қолдауымен іске асырылатын жергілікті жеңілдетілген «Астана бизнес 2» несие беру бағдарламасы жалғасатын болады.

Источник: kaz.elorda.info