үй Астанада Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

25
0

Тұрғындар бұл мерекені ылғи да ерекше ықыласпен күтеді


                        Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік қайта түлейді. Бұл мереке қайырымдылық пен ұйымшылдықтың да жарқын көрінісі.

Тұрғындар бұл мерекені ылғи да ерекше ықыласпен күтеді. Қалада Наурыз мейрамының құрметіне орай 100-ден астам түрлі іс-шара өткізіледі. Мереке тұжырымдамасы аясында мұқтаж жандарға да көмек көрсетіледі.

Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және табыс тілеймін! – деді елорда әкімі.

Источник: kaz.elorda.info