үй Астанада Жеңіс Қасымбек шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Жеңіс Қасымбек шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

0

Әкім шахматшының ел намысын алдағы уақытта да лайықты деңгейде қорғай беретініне сенім білдірді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда әкімі Алматыда өткен әлем чемпионатында жылдам шахматтан (рапид) күміс жүлде алған шахматшы қыз Динара Сәдуақасованы жарқын жеңісімен құттықтады.

Динара Сәдуақасова Астана қаласының әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, спорттағы мансабына байланысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек әлемдік шахмат додаларында ел намысын алдағы уақытта да лайықты деңгейде қорғай беретініне сенім білдіріп, тек биіктен көрініп, жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін ғана Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Ол бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version