үй Астанада Үлескері жоқ, ығы-жығы құрылыстар тоқтатылады – Жеңіс Қасымбек

Үлескері жоқ, ығы-жығы құрылыстар тоқтатылады – Жеңіс Қасымбек

18
0

Кейбір нысандардың қабат саны өзгертілуі мүмкін


                        Үлескері жоқ, ығы-жығы құрылыстар тоқтатылады – Жеңіс Қасымбек

Фото: ашық дереккөзден

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек журналистерге Талдыкөл аумағындағы бейберекет құрылыспен қалай күресетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бейберекет құрылыстарға келсек, көршілес тұрғын үй кешеннің тұрғындары мен белсенділер шағым айтып жүрген 20-дай нысан бар. Осы нысандардың әрқайсысы бойынша жоспар бар. Бастамашыл топтардың бәрімен ұдайы кездесіп отырамыз. Аталған нысандардың шамамен 70 пайызы бойынша нақты шешім бар. Құрылыс иелерімен, тұрғындармен келісіп жатырмыз. Негізінен құрылыс түсуі керек орындарға әлеуметтік нысандар саламыз. Бірнеше қабаты көтеріліп кеткен, үлескері бар нысандар бойынша сот болып жатыр. Сот шешіміне қарай түпкілікті шешім қабылданады. Ондай нысандар бойынша да жыл аяғына дейін шешім шығарамыз деп ойлаймын, — деді әкім.

Оның айтуынша, кейбір нысандардың қабат саны өзгертілуі мүмкін.

Жалпы шешімдер бар, келісіп жатырмыз. Екі тараптың да көңілінен шығатын шешім болады деп ойлаймын. Ал үлескері жоқ, ығы-жығы құрылыстар тоқтатылады. Болашақ тұрғындары белгілі болып қойған кешендер бойынша ортақ шешімін табамыз – қабат санын азайтамыз, тараптардың бәрінің көңілін табатындай басқа да заңды тәсілдерін ойластырамыз, — деді Жеңіс Қасымбек.

Источник: kaz.elorda.info