үй Астанада Медициналық сақтандыру қорына елордалықтардан неге көп шағым түскені белгілі болды

Медициналық сақтандыру қорына елордалықтардан неге көп шағым түскені белгілі болды

17
0

Оның ішінде медициналық ұйымдарға хабарласа алмау сияқты шағымдар да болған


                        Медициналық сақтандыру қорына елордалықтардан неге көп шағым түскені белгілі болды

фото: ашық дереккөзден

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров былтыр қала тұрғындарынан шағым неге көп түскенін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

2022 жылы Медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалында 4 348 шағым тіркелді, оның 1 034-ін (26%) арыз берушілердің өздері кері қайтарып алды, 3 216 арыз қаралды. Азаматтардың өтініштерін тіркеу кезінде кейбіреулер «шағым» санатын таңдайды, дегенмен сұрақтар көп жағдайда кеңес алу сипатында болады. Міндетті медициналық сақтандыру жарналарын мүлде төлемеген немесе тұрақты төлемеген жағдайдағы сақтандыру мәртебесіне қатысты сұрақтар да бар. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарға хабарласа алмау сияқты шағымдар болды. Мұндай жағдайларда Медициналық сақтандыру қоры өтініш берушілерге тікелей жауап береді, бірақ Қордың «шағымдар» санатынан «кеңес алу» санатына өзгертуге техникалық мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, шағымдар саны жасанды түрде көбейеді, — деді ол.

Айтуынша, шағым бойынша туындаған мәселенің 50%-дан астамы шағым түскен күні-ақ шешіледі.

Өйткені, Қор өкілдері үнемі емделушілердің құқықтарын қорғайды және әрбір өтінішті медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау қызметімен бірге қарастырып, пациенттің мәселесін сол сәтте шешеді, — деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

 

Источник: kaz.elorda.info