үй Астанада Мемлекеттік академиялық филармония биыл жүзден астам іс-шара өткізеді – Ерлан Дәкенов

Мемлекеттік академиялық филармония биыл жүзден астам іс-шара өткізеді – Ерлан Дәкенов

0

Филармония сахнасында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген бағдарламалар болады

Фото: қалалық әкімдіктен

Бұл туралы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 2023 жылға жүзден астам іс-шара жоспарлап отыр. Филармония сахнасында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген бағдарламалар, сондай-ақ елордалық концерттік ұйымның он екі ұжымының жаңа авторлық жобалары да өтеді.

Қаңтар айында академиялық вокал бөлімі Еркеғали Рахмадиевке арналған «Таң самалы» атты концертін ұсынды. Қазақ оркестрі күнтізбелік жылын «Күй атасы – Құрманғазы» концертімен ашады, одан кейін Ахмет пен Ғазиза Жұбановтарға арнау концертін дайындайды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы филармония орындаушыларын «Есіңе мені алғайсың…» жобасына шабыттандырды. Ақан серінің 180 жылдығына дәстүрлі әншілер «Дала дәстүрі» кешін әзірлеу үстінде, ал симфониялық оркестр композитор Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығын еске алады, – деді Е.Дәкенов.

Жақында «ALEM» заманауи хореографиялық балетінде жарқын премьера – «SOLO» пластикалық дивертисмент-спектаклі өтеді. Камералық хор бірнеше бағдарламаларды, оның ішінде шақырылған қонақтар – Германиядан келген балалар хорымен бірлескен концерт өткізуді жоспарлап отыр. Үрлемелі оркестр жиі премьералармен қуантады, ал биыл «Божественная комедия», «Музыка водных стихий», «Тik-tok» және т.б. концерттерін ұсынбақ.

Источник: kaz.elorda.info

Exit mobile version