үй Астанада Миранбек Төлекпаев: Наурыз – бірлік пен берекенің мейрамы

Миранбек Төлекпаев: Наурыз – бірлік пен берекенің мейрамы

15
0

Астаналықтар Наурыз мерекесін тойлап жатыр


                        Миранбек Төлекпаев: Наурыз – бірлік пен берекенің мейрамы

Астаналықтар екі күннен бері Қазақ елі алаңында Наурыз мерекесін тойлап жатыр. Жиналған жұрт ән-күй тыңдап, спорт сайыстарын тамашалап, қуанып жүр, деп хабарлады Elorda.info. 

Ақшаңқай киіз үйдің бірінде әскери ұрыс-қимылға қатысушы ардагерлер орналасыпты. Олар жауынгерлік кухняда палау пісіріп, шәй қайнатып, елордалықтар мен қала қонақтарына дастархан жайған.

Наурыз — бірлік пен берекенің мейрамы. Біз Ауған соғысы ардагерлері, Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс- қимылға қатысушылар, Чернобыль апатын жоюшылар, Иракта бітімгершілік операциясына және Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысушылар ұйымдары бірлесіп, бір киіз үйде мерекелік іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Ұлттық мерекемізде бізге киіз үй бөлген Астана қаласының әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз. Біз еліміздегі бірлік пен береке үшін қызмет жасай береміз. Барша жерлестерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! — дейді Астана қаласының "Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері" ҚБ төрағасы Миранбек Төлекпаев. 

Қазақ елі алаңындағы мерекелік думан әлі жалғасып жатыр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Источник: kaz.elorda.info