үй Астанада Сарыарқа ауданының әкімі №2 арнайы мектеп мұғалімдеріне алғыс білдірді

Сарыарқа ауданының әкімі №2 арнайы мектеп мұғалімдеріне алғыс білдірді

31
0

Білім ордасында 302 оқушы оқиды және 100 педагог жұмыс істейді


                        Сарыарқа ауданының әкімі №2 арнайы мектеп мұғалімдеріне алғыс білдірді

Фото: дереккөз

Жаңа жыл қарсаңында Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов Астана қаласының №2 арнайы мектебінің оқушыларына арналған жаңажылдық ертеңгілікке қатысты. Құттықтау сөзінде әкім мұғалімдерге еңбегі үшін алғыс айтып, балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұғалім — ұлы мамандық. Сіздер осы мектепте ерекше балаларды тәрбиелеу, дамыту арқылы зор жұмыстар атқарасыздар. Біздің қоғамның дамуына қосқан үлестеріңіз ерекше. Жұмыстарыңыз үшін рахмет! Мен сіздерге әрқашан ашықпын және көмектесуге дайынмын.

Балаларға зор денсаулық тілеймін! Үйреніңіздер, өсіңіздер, бір орында тұрмаңыздар. Сіздердің күн сайын дамуға көп күш жұмсайтындарыңызды білемін. Сіздер кереметсіздер! — деді әкім.

Астана қаласы әкімдігінің № 2 арнайы мектебінде 302 оқушы оқиды және 100 педагог жұмыс істейді. Оқушылардың бір бөлігі жеке бағдарлама бойынша үйден білім алады. Балалармен психологтар, дефектологтар, логопедтер жұмыс істейді. Мектепте Монтессори кабинеттері, сенсорлық бөлме, тігін және ағаш шеберханалары бар. Оқушыларға дене шынықтыруды дамыту үшін сабақтар өткізіледі, домбыра, хореография, ағылшын тілі бойынша үйірмелер ашылды.

Сондай-ақ Жүсіп Жұмағұлов ауданда мүгедек балаларға қажетті жағдайлар жасалған 2 арнайы мектеп жұмыс істейтінін атап өтті. Олардан басқа, №65 мектеп-гимназияның жаңа ғимараты салынып жатыр. 1200 орынға арналған жаңа блокта инклюзия талаптарына бейімделген барлық жағдай жасалған. Корпуста есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған сабақтар өткізіледі.

Источник: kaz.elorda.info